Шевченко Мадридтегі турнирден ерте шықты

Шевченко Мадридтегі турнирден ерте шықты

Әлемнің 82-ракеткасы Александр Шевченко Мадридтегі «Мастерс» турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші испаниялық Хауме Муньярға екі сетте жол берді – 4:6, 1:6. Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды.

Осылайша Шевченко жарысты ерте аяқтады. Ал Муньяр келесі айналымда норвегиялық Каспер Руудпен кездеседі.

Айта кетейік, Мадридтегі «Мастерс» – маусымдағы ең ірі төрт топырақ турнирінің бірі. Бұған дейін Монте-Карлода өткен жарыста Янник Синнер жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или