Қазақстандық теннисші Мадридтегі турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Мадридтегі турнирді жеңіспен бастады

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Испания астанасында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемдік рейтингте 80-орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда WTA рейтингінің 51-сатысындағы чехиялық Тереза Валентовамен кездесті. 2 сағат 53 минутқа созылған кездесуде Путинцева 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Енді ол турнирдің келесі кезеңінде WTA рейтингінде 23-орында тұрған украиналық Марта Костюкпен кездеседі.

Айта кетейік, Мадрид турнирінің жалпы жүлде қоры 8 235 540 еуроға тең. Ал жекелей сында чемпион атанған теннисші 1 007 165 еуро мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Рыбакинаның Мадрид турниріндегі қарсыластары анықталды

Бублик пен Шевченко Мадрид мастерс турнирінде бақ сынайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или