Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің екінші айналымына шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Баотоу қаласында өтіп жатқан ITF санатындағы турнирде жұптық сында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Құламбаева ресейлік Екатерина Рейнгольдпен бірге алғашқы айналымда Литваның Юстина Микульските және Қытайдың Хан Ши дуэтін жеңді.
Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылып, 6:3, 4:6, 10:4 есебімен аяқталды. Қазақстандық-ресейлік жұп матч барысында 5 брейк жасап, өз геймінде 4 рет ұтылды.
Екінші айналымдағы қарсыластар Варвара Пеншина / Юфей Рен және Анастасия / Рада Золотарева жұптары арасындағы матчтан кейін анықталады.
Елена Рыбакинаның Мадрид турниріндегі қарсыластары анықталды
WTA: Жұптық сындағы теннисшілеріміз рейтингте төмен құлдырады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или