Қазақстан мен Эстония балуандары бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуде
Қазақстан мен Эстония құрамаларының балуандары Алматы қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
Эстония спортшылары еліміздің балуандарымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізу мақсатында арнайы келді деп мәлімдейді Қазақстан күрес федерациясы.
Жаттығу Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде және «Шаңырақ» спорт мектебінде өтуде. Бұл жиынға Балтық жағалауының U15 және U23 жас дәрежесіндегі балуандары келді.
Айта кетейік, биыл Астанада халықаралық талаптарға сай Қазақстан күрес академиясы ашылады. Болашақта бұл Академия әлемнің үздік балуандары бас қосатын орталық болады деп күтілуде.
Қазақстан балуандары Түркиядағы турнирде бірнеше жүлде еншіледі
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында жеті медаль еншіледі
Қазақстандық классиктер Азия чемпионатында төрт медаль еншіледі