Ризабек Айтмұқан қолда тұрған жеңістен айырылды
Қазақстандық еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұхан АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында өткен RAF 08 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айтмұхан америкалық Кайл Снайдермен кездесіп, 6-12 есебімен жеңілді. Жекпе-жек барысында Ризабек 6:0 есебімен ұтып жатқан еді. Снайдер осылайша RAF лигасының жартылай ауыр салмақтағы титулын қорғап қалды.
Кайл Снайдер - Олимпиада чемпионы, 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында алтын медаль жеңіп алды. Америкалық балуан 2020 жылы Жапонияның Токио қаласында өткен Олимпиада ойындарында күміс медаль қоржынға салды. Снайдер сонымен қатар төрт дүркін әлем чемпионатының жеңімпазы: 2015, 2017, 2022 және 2025 жылдары.
Ризабек Айтмұхан 2023 жылғы әлем чемпионы және Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері (2023, 2024, 2025).
Әділет Алмат Азия чемпионы атанды
Эсмигүл Куюлова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық екі спортшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты