Қазақстандық боксшы 1 мамырда рингке шығады

Қазақстандық боксшы 1 мамырда рингке шығады

Қазақстандық боксшы Виктор Теміров келесі жекпе-жегін 1 мамырда Гамбургте өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл айқас оның орта салмақтағы чемпиондық атақты жеңіп алғаннан кейінгі алғашқы кездесуі болмақ. Қарсыласы — венесуэлалық Карлос Риверо. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.

Теміров бұл кездесуге 10 жеңістен тұратын жеңіліссіз сериямен келеді, оның жетеуі мерзімінен бұрын аяқталған. Ақпан айында ол Доменика Арнольдты техникалық нокаутпен жеңіп, WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған.

Карлос Риверо бұған дейін қазақстандық Әли Ахмедовпен кездесіп, 2024 жылы техникалық нокаутпен жеңілген. Соңғы жекпе-жегін наурызда өткізіп, тағы да мерзімінен бұрын жеңіліп қалды. Қазір оның еншісінде қатарынан бес нокаутпен жеңіліс бар.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или