Қазақстанның бірінші ракеткасы турнирге екінші айналымнан қосылады
Штутгартта WTA 500 санатындағы Porsche Tennis Grand Prix турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарысқа Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина қатысады. Ол турнирде бірінші нөмірмен тіркеліп, жарысты екінші айналымнан бастайды.
Қазақстандық теннисшінің алғашқы қарсыласы ресейлік Диана Шнайдер болады. Ол бірінші айналымда германиялық Тамара Корпачты жеңіп шықты.
Матч 16 сәуір күні өтеді және Қазақстан уақытымен 13:00-де басталады.
Турнир 13–19 сәуір аралығында өтеді. Жүлде қоры 1 049 083 еуроны құрайды. Жеңімпаз 161 310 еуро, 500 рейтингтік ұпай және Porsche автокөлігіне ие болады. Айта кетейік, Елена Рыбакина бұл турнирді 2024 жылы жеңіп алған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или