Трансляция бойынша конкурс қайта басталды

Трансляция бойынша конкурс қайта басталды

ҚФФ Бірінші, Екінші және Әйелдер лигалары матчтарының трансляцияларын ұйымдастыру бойынша конкурстық іріктеу рәсімі қайта жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осыған байланысты, жаңа мердігер анықталғанға дейін Бірінші және Екінші лиганың 2-тур ойындарының трансляциясы жүргізілмейді.

Бұған дейін «INHoccey» компаниясымен жасалған келісімшарт бұзылғанын хабарлағанбыз.

Іріктеу рәсімі аяқталып, жеңімпаз анықталғаннан кейін матч трансляциялары 3-турда YouTube арнамызда қайта жалғасады.

ҚФФ трансляция сапасына байланысты шешім қабылдады

ҚФФ даулы матчтың төрешілеріне қатысты шешім шығарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или