Еркін күрестен Азия чемпионаты: Едіге Қасымбек қола медальға ие болды
Қазақстандық балуан Едіге Қасымбек еркін күрестен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарына енді.
Отандасымыз 125 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Қасымбек қытайлық У Бухеердунды 8:7 есебімен, бір ұпай айырмасымен жеңді.
Айта кетейік, бүгін, 12 сәуірде 92 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков те қола жүлдеге қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или