«Ювентус» қаржылық себеппен бірнеше ойыншысын сатуы мүмкін

«Ювентус» қаржылық себеппен бірнеше ойыншысын сатуы мүмкін

Туриннің «Ювентус» клубы жазғы трансферлік кезеңде үш футболшысын сатуы мүмкін, деп һабарлайды Prosports.kz.

Мұндай шешім команда Чемпиондар лигасына жолдама ала алмаған жағдайда қаржылық тұрақтылықты сақтау мақсатында қабылдануы ықтимал. Бұл тұралы италиялық басылымдар мәлім қылды. 

Ақпаратқа сәйкес, клуб жартылай қорғаушы Кефрен Тюрам-Юльен мен қорғаушылар Пьер Калюлю және Бремерге түскен ұсыныстарды қарастыруға дайын.

Сонымен қатар, «Ювентус» Чемпиондар лигасына шықпаса, «Ливерпуль» қақпашысы Алисон Бекер мен «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силваны қатарға қосу жоспарын жүзеге асыру қиын болатыны айтылған.

Айта кетелік, А сериясында 31 турдан кейін «Ювентус» 57 ұпаймен 5-орында тұр.

«Барселона» мен «Атлетико» арасындағы ойынның төрешісі шеттетілді

АПЛ-нан бес клуб Чемпиондар лигасына жолдама алды

«Бавария» қақпашысы рекордқа жақын нәтиже тіркеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или