Куртуа сәуір айының соңына қарай қайтадан алаңға шығуы мүмкін

Куртуа сәуір айының соңына қарай қайтадан алаңға шығуы мүмкін

Мадридтік «Реал» клубының қақпашысы Тибо Куртуа алған жарақатынан соң ертерек оралуы мүмкін, деп һабарлайды Prosports.kz.

The Athletic мәліметіне сәйкес, бельгиялық голкипердің қалпына келу процесі жоспардан жылдамырақ жүріп жатыр. Еске салсақ, ол 17 наурыз күні оң жамбас бұлшықетін жарақаттап, кемінде 1,5–2 айға алаңнан тыс қалады деп болжанған еді.

Алайда соңғы ақпаратқа сай, Куртуа сәуір айының соңына қарай қайтадан алаңға шығуы мүмкін.

Айта кетелік, «Реал» 15 сәуір күні сырт алаңда «Бавария» командасымен Чемпиондар лигасының ширек финалындағы қарымта матчты нөткізеді. Алғашқы ойында мадридтік клуб 1:2 есебімен жеңілген болатын.

«Барселона» мен «Атлетико» арасындағы ойынның төрешісі шеттетілді

АПЛ-нан бес клуб Чемпиондар лигасына жолдама алды

«Бавария» қақпашысы рекордқа жақын нәтиже тіркеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или