Қазақстандық спортшы Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті

Қазақстандық спортшы Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті

Қазақстандық еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ол 92 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға жолдама алды.

Ширек финалда Дәулетбеков моңғолиялық Бат-Эрдэнэ Бямбасүрэнді 3:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін 86 келіге дейінгі салмақта Болат Сақаев та жартылай финалға шыққан болатын.

Қос қазақстандық әйел Азия чемпионатында қола үшін күреседі

Ризабек Айтмұхан атақты Кайл Снайдермен тағы да кездеседі

Азия чемпионатына баратын Қазақстан дзюдошылары белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или