Америкалық клуб Неймарды қатарға қосу бойынша келіссөз жүргізді
Бразилиялық жұлдыз Неймар мәнсабын Цинциннати клубында жалғастыруы мүмкін, деп һабарлайды Prosports.kz.
Америкалық клуб шабуылшыны қатарға қосу бойынша алдын ала келіссөздерді бастап кеткен.
Бұған дейін наурыз айының соңында 34 жастағы футболшының Сантос сапында сырт алаңдағы ойындарға қатыспау туралы шешім қабылдағаны хабарланған еді. Бұл қадамды ол жарақаттан сақтанып, 2026 жылғы әлем чемпионаты алдында бабын жоғалтпау үшін жасаған.
Сонымен қатар, Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти әзірге Неймарды ұлттық командаға шақыруды жоспарлап отырған жоқ. Ол соңғы рет 2023 жылдың қазан айында құрама сапында ойнаған.
Айта кетелік, биылғы маусымда Неймар «Сантос» үшін 6 матч өткізіп, 3 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.
«Барселона» мен «Атлетико» арасындағы ойынның төрешісі шеттетілді