Спорттық гимнастикадан ӘК: қазақстандық атлеттер финалға шықты

Спорттық гимнастикадан ӘК: қазақстандық атлеттер финалға шықты

Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу кезеңінің алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда Нариман Курбанов 14,766 ұпай жинап, бірінші орынмен шешуші кезеңге өтті.

Зейнолла Ыдырысов өз өнері үшін төрешілерден 14,700 ұпай алып, іріктеуде екінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңінің финалы 10 және 11 сәуір аралығында өтеді.

Қазақстандық мерген әлем кубогында үздік ондыққа енді

Ташкенттегі әлем кубогы кезеңінде өнер көрсететін қазақстандық спортшылар анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или