Бублик - Алькарес матчының тікелей трансляциясы
Бүгін қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 11-ші орында) Монте-Карло турнирінде ширек финалдық кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол әлемнің ең үздік теннисшісі, испаниялық Карлос Алькареспен кездеседі. Матч сағат 17:00-де басталады, тікелей эфир осы сілтеме. арқылы қолжетімді болады.
Бұған дейін Бублик француздық Гаэль Монфисті (199-шы орында) және чехиялық Йиржи Легечканы (13-ші орында) жеңген, ал Алькарес аргентиналық Себастьян Баезді (65-ші орында) және Томаш Мартин Эчеверриді (30-шы орында) жарыс жолынан шығарған.
Монте-Карло турнирі 12 сәуірге дейін жалғасады. Жалпы жүлде қоры 6 309 095 еуроны құрайды, оның ішінде ерлер арасындағы жекелей сында жеңімпаз 974 370 еуро және 1000 рейтингтік ұпай жинайды. Алькарас - былтырғы чемпион.
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте айтарлықтай жоғарылады