Тыныс Дүбек Азия чемпионатында финалға шыға алмады
Бішкекте өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында Тыныс Дүбек жартылай финалда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
62 келіге дейінгі салмақта финал жолдамасы үшін ол Солтүстік Корея өкілі «Хен Ген Мунмен» белдесті. Кездесу қарсыласының мерзімінен бұрын 11:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Осы нәтижеден кейін қазақстандық балуан 10 сәуір күні үшінші орын үшін күресетін болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или