Рябец финалдағы жеңісін бағалады

Рябец финалдағы жеңісін бағалады

Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Азия чемпионатының финалындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, жекпе-жек оңай өткен жоқ. Қарсыласын бағаламауға болмайтынын тағы бір рет түсінгенін айтты. Сондай-ақ бастапқыда айқас жеңілірек болады деп ойлағанын, бірақ рингке сәл босаң шыққанын жеткізді.

Соған қарамастан, үш раундтың барлығында төрешілер жеңісті қазақстандық спортшыға беріп, ол сенімді түрде жеңіске жетті.

Айта кетейік, Надежда Рябец Ұлан-Батырда өткен Азия чемпионатында 80 келіге дейінгі салмақта Өзбекстан өкілін жеңіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или