Әлем кубогында ел намысын кімдер қорғайды
Ташкент қаласы көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңін қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасы бұл турнирде жеке және топтық жаттығуларда өнер көрсетеді. Жарысқа ел атынан бірнеше спортшы қатысады.
Жекелей сында Диана Сарсембаева мен Дария Кушербаева бақ сынайды. Ал топтық жаттығуларда Аида Хакимжанова, Жасмин Джунусбаева, Мадина Мырзабай, Айзере Кенес, Айзере Нурмагамбетова және Кристина Чепульская қатысады.
Әлем кубогының кезеңі 10 сәуірде басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или