Бақыт Сейдіш Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасынан алғаш болып рингке Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) шықты.
Финалда оның қарсыласы үндістандық Арундхати Чаудхари болды.
Бірінші раундта қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші үшминуттықтан кейін Чаудхари есепте алға шықты. Жекпе-жектің тағдыры үшінші раундта шешілді.
Нәтижесінде қарсыласы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бақыт Сейдіш Азия чемпионатын күміс медальмен аяқтады.
Азия чемпионаты: Оразбек Асылқұлов ақтық сынға жолдама алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или