«Ферраридің» бұрынғы президенті: «Шумахердің денсаулығы нашар»
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Феррари» командасының бұрынғы президенті Лука ди Монтеземоло Формула-1 жарысының жеті дүркін әлем чемпионы Михаэль Шумахердің денсаулығы нашарлап бара жатқанын айтты. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Маған белгілі болғандай, Шумахердің денсаулығы нашар. Бұл өте өкінішті жайт. Мен онымен бұрыннан бері жұмыс істеп келгенмін. Шумахер – ұлы шабандоз. Ол «Феррари» тарихындағы ең үздік спортшы. Шумахер «Феррари» сабында өнер көрсеткенінде тек бір рет қана жарақат алған – 1999-шы жылы. Бірақ тау шаңғысы курортында алған жарақаты өту ауыр болды», - деді Монтеземоло.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, Михаэль Шумахер осыдан екі жыл бұрын тау шаңғысы курортында ауыр жарақат алып, комаға түскен болатын. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или