Қазақстан Федерация кубогындағы жорығын аяқтады

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Федерация кубогының финалдық кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.

Топтық кезеңде жерлестеріміз кеше Қытай Тайпейінен ұтылса, бүгін Қытай құрамасынан айласын асыра алмады.

Алдымен, Галина Воскобоева қытайлық қарсыласынан жеңілсе, екінші кездесуде Юлия Путинцева Чжэн Сайсайды ұта алмады. Қытайлық теннисші екі сетті де өз пайдасына шешті - 6:3, 6:3.

Осылайша, Қытай Тайпейі мен Қытайдан жеңілген Қазақстан құрамасы Федерация кубогындағы жорығын аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или