Бейбіт Назаров: «UFC сіздер ойлағандай мықты емес»

Ережесіз жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы Бейбіт Назаров соңғы кездесуі жайлы, шәкірт тәрбиелеу ісі жөнінде және де болашақтағы жоспарлары туралы айтып берді.

- Алғашқы сауалды сіздің спортқа келуіңізден бастасақ, неше жасыңыздан қай спорт түрімен айналыса бастадыңыз?

- Ауылда жүргенде 5-сыныпта күрес мектебіне келдім, содан 11-сыныпқа дейін еркін күрес, грек-рим күрестерімен айналыстым. Сол күннен бастап бүгінгі таңға дейін спортта жүрмін. 9-сынып кезінде денсаулығыма байланысты спорттан да, сабақтан да қол үзіп қалдым. Бір жылдан соң спортты жалғастырып, мектеп бітіргеннен кейін Алматы қаласына келіп ережесіз жекпе-жекке толықтай ауыстым.

- Ережесіз жекпе-жекті таңдауыңыз аға жолын жалғастыру ма , әлде осы спортқа деген қызығушылықтың басым болуынан ба?

- Негізінен күресті ұнататынмын, күрес бойынша көптеген жарыстарға қатысқам, облыста «бірінші нөмір» болғанмын. Кейіннен Қазақстан чемпионатына қатысқан сәтте әділетсіздікке күә болдым, жеңіп тұрған жерімде жеңісті басқаның қанжығасына байлады. Осындай жайттардан кейін, бауырым Ардақ екеуміз ұзақ ойланып, сол кісінің ақылымен ережесіз жекпе-жекке ауыстым. Спорттың бұл түрі де өзіме ұнайды. Негізінен қандай спорт түрі болмасын, жақсы жаттықтырушы керек екені анық. Ал бұл спортта Ардақ ағамның тәжірибесі мол.

- Бұл спорт түрінің қандай артықшылықтарын атап көрсетер едіңіз?

- Әр спорттың жақсы мен жаман жағы қатар болады. Артықшылығы -көптеген спорттың жиынтығы. Өз басым бокс, күрес сияқты спорттың бірнеше түріне қатысқанмын. Ол спорттарда бір жаттығуды бірнеше мәрте қайталау мүмкіндігі бар, ал ережесіз жекпе-жекте жаттығу түрі шексіз көп, мысалы, қылқындырудың өзінің қаншама әдістері бар.

- Соңғы кездесуіңіз туралы айтсақ, бабыңыз келіспеді ме, әлде бақ жетіспеді ме?

- Шынымды айтсам, соңғы кездесу қиын болды. Жарыстың алдында көптеген мәселелер болды. Жаңа жылға байланысты бірге дайындалатын жігіттер үйлеріне демалысқа кетті, залда өзім ғана қалдым. Ардақ ағам қатты ауырып, маған көмектесе алмады. Өзім де ауырып, жарыстың алдында бір апта жаттығудан қол үзіп қалдым. Бап дұрыс болмады деп айта аламын. Формада болмағанымды сезсем де, қол қойылып, келісім жасап қойған соң жарысқа бардым. Бар күшті салдық. Бір-екі жерде өзім қателестім. Сосын екі рет мойнынан қылқындырып тұрғанда төрешілер ажыратып жіберді. Шайқас бітеді-ау, жерді ұрады-ау деген кезде, қарсыласым «төреші-төреші» деп айқайлап, төрешілер ажыратып, қайта тұрғызды екеумізді. Қайта қылқындыра бастағанда, қайта айырып, шайқасты ортадан жалғастырады. Бауырынан тіземен тепкенімде, төменгі жақтан тепті деп, отырып демалып алды. Себебі қытай жігіті қатты шаршап қалды. Ол жігіт мені менсінбей шықты, себебі маған дейін көптеген тұжырымдарда жеңіске жеткен. Дегенмен, жарыс біткен соң қазақтың қайтпас қайсарлығын көрдім деп, алғысын білдірді. Өте ауыр айқас болды деп мойындап жатты. Реванш кезінде ол жігітті ұтуыма мүмкіндік бар. Осы жолы кім жеңіске жетсе де екінші жекпе-жек болады деп келісімде көрсетілген. Себебі екеуміздің салмағымызда айырмашылықтар болды. Мен жеңіл салмақта (70-72келі) , ал ол орта салмақта (75-77 келі) рейтингіміз келіп, белдікке мүмкіндігіміз болды. Қарымта кездесу сәуір айына немесе мамыр айының басына жоспарланып отыр.

- Сіз үшін жеңістің дәмі қандай? Жеңілістің ше?

- Жеңіс әр кезде жақсы. Жеңілісті де көтере білу керек. Сабақ болып, үлкен жеңістердің алды болуы мүмкін. Жеңілдім екен деп, көңілімді түсіріп, басқамен айналысып кетпеймін. Мен әрқашан алға ұмтыламын. Өмірдің өзі жеңіс пен жеңілістен тұрады.

- Әрбір жекпе-жектің алдында орындайтын белгілі бір дәстүрге айналған амалдарыңыз бар ма?

- Әр жарыстың алдында мешітке барып, садақа беріп, дұға жасаймын. Мұсылман үшін дұғадан артық қару жоқ деп санаймын.

- Әлеуметтік желілерде "шәкірттерім" деген жазбаларды жиі байқаймыз. Шәкірт тәрбиелеуді өз спортыңызбен қатар алып жүру ауыр емес пе?

- Ауыр, әрине. Жарыстардың алдында шәкірттерімді басқа жаттықтырушыға өткіземін. Ал басқа уақытта шәкірттеріме барынша көңіл бөліп, білген-көргенімді үйретемін. Өзің спортшы, өзің бапкер болып жүру қиын тиеді. Уақыт тапшы болады. Бірақ жақсы жағы да бар. Шәкірттерің жетістіктерге жеткенде, еңбегіңнің ақталғанын көресің. Алпысқа жуық шәкірт тәрбиелеп жүрмін, он бестей шәкіртім кәсіби деңгейдегі жарыстарға шығып, чемпиондық атақ қорғап жүр. Олардың ішінде Әлем чемпионы, Қазақстан чемпионы болған жігіттер бар.

- Спорттан басқа қандай қызығушылықтарыңыз бар? Спортшы болмасаңыз, кім болар едіңіз?

- Кішкентай кезімде ән көп айтатынмын (күліп). Дегенмен бала кезден спортқа қызығушылық болды. Ардақ ағамның жеңістерін, спорттағы нәтижелерін көріп, қызығатынмын. Спортшы болу болды тек ойда. Ал жалпы, ұзақ жаттығулардан кейін ән айтып, музыка тыңдаймын, атпен таза ауада серуендеуді ұнатамын.

- Сізді Әйгерім Қалаубаеваның бейнебаянында басты рөлде көрдік, ұсыныс қай жақтан түсті?

- Әйгерім тарапынан ұсыныс түсті. Актер болмағандықтан рөлім дұрыс шықпай жатса ренжіп жүрмесін деп ескерттім. Бірақ көпшіліктің пікірі жағымды. Жақсы шыққан сияқты. Болашақта актерлік шеберлігімді шыңдап, тарихи тұлғаларды сомдағым келетінін жасырмаймын.

- Үлгі тұтатын тұлғаңыз бар ма?

Үлгі тұтатын адам - өз ағам Ардақ. Сол кісіні тыңдаймын. Мақтағаным емес, әр адаммен шынайы қарым-қатынас жасайды. Басқаларға жақсылық жасауға әрқашан асығып тұрады. Осындай бауырым болғанына Аллаға шүкір етемін.

- Спортта қандай шыңға жеткіңіз келеді?

- Көп спорт түрлерінде ең биік шың олимпиада болса, біздің спортта әртүрлі тұжырымдардың алтын белдіктерін алу.

- Сізді UFC-да қашан көреміз?

- Бұрын UFC деңгейі қазіргі қатардағы тұжырымдар сияқты болатын. Қазір үлкен пиярдың арқасында аты дүркіреп тұр. Халық ең жоғарғы тұжырым санап кеткені рас. Дегенмен менің қазіргі қатысып жүрген KUNLUN FIGHT тұжырымынан тәжірибесі, төбелесу тәсілдері, ережесі,тіпті, гонорары жағынан еш ерекшеленбейді, тек жарнама жағы басымдыққа ие. Экраннан керемет қылып көрсеткенімен, тірідей тамашалаған көрерменге еш артықшылығы байқалмайды. Жалпы, UFC-ға биыл өтемін бұйырса. Ол жақта да өзімді көрсетемін деп ойлаймын.

- Өткен 2015 жыл сізге үлкен жеңіс әкелгенін білеміз, ал 2016 жылда қандай жекпе-жектер, жарыстар жоспарланып отыр?

- Жақын арада Ресейде бір кездесу өткізу жоспарда, қазір дайындалып жатырмын. Содан кейін қытай жігіті Липенг Чангпен реванш болады. Осы жекпе-жектерден кейін UFC-ға өтуді қолға аламын.

Сәттілік тілейміз! Сұқбатыңызға рақмет.

Сұхбаттасқан Әйгерім Мамытова

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или