Алғашқы жеңіс. Қазақстан Федерация кубогында Оңтүстік Кореяны ұтты

Теннистен Федерация кубогының алғашқы кездесуінде Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяны 3:0 есебімен жеңді.

Ярослава Шведова алғашқы матчта оңтүстік кореялық На-Лэ Ханды жеңді – 7:5, 6:3. Артынша, Зарина Дияс екі сетте Су Джон Чаннан айласын асырды – 6:1, 6:3.

Жұптық сайыста қос қазақстандық теннисші Галина Воскобоева мен Ярослава Шведова На-Лэ Хан мен Со-Ра ли дуэтін қапы қалдырды – 6:2, 6:3.

Осылайша, Қазақстан Федерация кубогының алғашқы матчында Оңтүстік Кореяны 3:0 есебімен ұтып, енді ертең Қытай Тайпейімен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или