FISU делегациясы Алматы қаласына келді

FISU делегациясы Алматы қаласына келді

Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) Алматы қаласында  ресми іс-сапары барысында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша  дирекциясымен  бірқатар кездесулер өткізді.

FISU-дың қысқы Универсиада директоры Милан Августин бастаған жұмыс тобы Дирекция қызметкерлерімен кездесу кезінде бірқатар маңызды мәселелерді талқыға салды.

Одан бөлек, делегат мүшелері Универсиадаға дайындық барысымен және спорт нысандарымен танысты.

«Ұйымдастыру комитеті  қажетті бағытта, FISU талабына сай жұмыстар атқаруда. Өз атымнан істелініп жатқан жұмыстар үшін алғысымды білдіргім келеді. Дәл қазіргі уақытта, дирекцияның Универсиаданы өткізу үшін нақты жоспарлары бар. Әрине, алдағы уақытта Халықаралық студенттер ойынын сәтті өткізу үшін талай еңбектену қажет. Егер, жұмыстар жоспарға сай істелінсе, бәрі сәтті өтеді », - дейді FISU-дың қысқы Универсиада директоры Милан Августин.

2017 жылғы Қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша дирекциясының басшысы Әсет Әбдуәлиев FISU тарапынан көрсетілген көмекке алғысын білдірді.

«Алматы қаласында өтетін Қысқы Универсиаданың ашылуына тура бір жыл уақыт қалды. Дәл қазіргі кезде Қазақстанның барлық мемлекеттік құрылымдары халықаралық жарыстарды ұйымдастыруға атсалысып жатыр. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева басқаратын Бақылаушы Кеңес те жұмыс атқаруда. Қазақстан Республикасының спорт және мәдениет Министрлігі мен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бастаған әкімшілік тарапынан барлық көмектер жасалынуда. FISU мен мемлекеттік құрылымдардың көмегінің арқасында, Алматыда өтетін жарысты ұйымдастыру барысындағы туындаған барлық мәселелер шешімін табатынына сенімдімін», - деді Әсет Әбдуәлиев.

Айта кетелік, қысқы Универсиада ойындары 2017 жылы Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өткізіледі. Сегіз нысанда спорттың 12 түрінен жарыстар болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или