Алан Құрманғалиев WTT Singapore Youth Smash халықаралық турнирінде өнер көрсетті
Сингапурда WTT Singapore Youth Smash ірі халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев U19 жас санатында жүлдеге бір қадам жетпей қалды.
Отандасымыз жарыс барысында Доминикас Самуолисті (Дания) – 4:1, Ю Хайянды (Қытай) – 4:1, Сеа Бенайяны (Сингапур) – 4:3, Лой Син Яоны (Сингапур) – 4:0 есебімен жеңді.
Алайда ширек финалда өткен тартысты кездесуде Эмануэль Отальвароға (Колумбия) 3:4 есебімен жол берді.
Айта кетейік, жартылай финалға шыққан жағдайда қазақстандық спортшы кемінде қола жүлдені қамтамасыз етер еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или