Путинцева Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды
Путинцева Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды
ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, теннистен Австралияның Ашық чемпионатында сәтті ойын көрсетуінің арқасында 21 жастағы Путинцева 16 сатыға көтеріліп, WTA рейтингінде 64-ші орынға табан тіреді. Бұл - WTA рейтингінде Путинцева үшін үздік көрсеткіш. Бұрын ол 70-ші сатыдан жоғары көтерілмеген.
Қазақстанның бірінші ракеткасы болған Зарина Диас 12 сатыға төмен түсіп, рейтингте 69-шы орында. Тағы бір қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Аustralian Open-нен кейін 70-тен 83-ші сатыға төмендеді.
Рейтингте америкалық теннисші Серена Уильямс көшбасшылықты сақтап қалды. Финалда 6:4, 3:6, 6:4 есебімен Серена Уильямсты жеңген Australian Open жеңімпазы неміс теннисшісі Ангелика Кербер алты орынға көтеріліп, екінші орынға жайғасты. Үшінші жолда румындық Симона Халеп тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или