АТР рейтингісі. Александр Кукушкин 92-орынға көтерілді

АТР рейтингісі. Александр Кукушкин 92-орынға көтерілді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) әлемнің үздік теннисшілерінің рейтингісін жаңартты.

Жаңарған рейтингіде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Кукушкин екі орынға жоғарылап, 92-сатыға жайғасты. Екінші жүздікте Александр Недовесов 166-орынға табан тіреді. Ал үшінші жүздіктегі Андрей Голубев 204-сатыдан 221-ге сырғыды. Дмитрий Попко болса, 254-сатыға түсіп қалды.

Жекелей сында рейтинг көшін серб Новак Джокович бастап келеді, екінші орында британиялық Энди Маррей тұр, ал үшінші орында – швейцариялық Роджер Федерер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или