Универсиадаға дайындық барысында 50 мыңға тарта жұмысшылар тартылды

Универсиадаға дайындық барысында 50 мыңға тарта жұмысшылар тартылды

Универсиадаға дайындық барысында 50 мыңға тарта жұмысшылар тартылды. Бұл туралы бүгін 2017 жылғы қысқы Универсиада ойындарының басталуына бір жыл қалуына орай өткізілген жиында Алматы қаласының әкімі Б.Байбек хабарлады.

Оның айтуынша, Универсиада тек спорттық дода ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік маңызы жоғары жоба. Әкімнің айтуынша, жұмыспен қамтылғандардың дені, спорттық нысандарда қызмет атқарып жатқан жұмысшылар болса, құрылысты жүргізіп жатқандар толықтай қазақстандық компаниялар екен. Осы жиында қазқамтудың үлесі 50%-дан асқаны белгілі болды.

Естеріңізге салайық, Алматыдағы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Қысқы Универсиада ойындарына 55 елден 2000-ға жуық спортшылар қатысады. Және аталған спорттық доданы тамашалау үшін, 30 мыңға жуық туристер мен шетелдік қонақтар келеді деп күтілуде.Сондай-ақ Алматыда өтетін жарысты трансляция арқылы жалпы көлемі 80 елден 1 миллиардтан астам халық тамашаламақ. Жоспар бойынша жарысты Eurosport, Eurosport 2, NHK World (Жапония), CCTV (ҚХР), ESPN (АҚШ), Arirang (Оңтүстік Корея) және тағы басқа телеарналар көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или