Юлия Путинцева Австралиядағы турнирді жеңіспен бастады

Юлия Путинцева Австралиядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші, әлемнің 71-ракеткасы Юлия Путинцева Брисбен WTA 500 турнирі іріктеу сайысының финалына шықты.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының жартылай финалында дүниежүзілік рейтингіде 119-орында тұрған аустралиялық Присцилла Хонмен кездесті. 

Матч 6:4, 6:3 есебімен Путинцеваның пайдасына шешілді.

Бір сағат 19 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық теннисші 2 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Хон 3 эйс, 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Ю.Путинцева іріктеу сайысының финалында келесі қарсыласын ұтса, негізгі жарысқа жолдама алады.

Қазақстандық теннисшінің 2026 жылдағы алғашқы қарсыласы анықталды

Кирьос әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Рублёв пен Рыбакина микстте жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или