«Жетісу» командасы «Ақтөбенің» бұрынғы ойыншысымен келісімшартқа отырды
Талдықорғанның «Жетісу» командасы 31 жастағы қазақстандық қорғаушы Рафкат Асланмен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қорғаушы Рафкат Аслан - бразилиялық «Ole Brazil» футбол академиясының түлегі. Ол бұған дейін «Тобыл», «Ақтөбе», «Атырау», «Ертіс», «Ұлытау» және «Каспий» командаларында ойнаған. Өткен маусымда ол Бірінші лигада «Ақтөбе» командасы үшін 11 ойын өткізді.
Қорғаушы бұған дейін 2021 жылдан 2023 жылға дейін «Жетісу» сапында ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или