«Астананың» Макс Эбонгты қаншаға сатқаны белгілі болды

«Астананың» Макс Эбонгты қаншаға сатқаны белгілі болды

«Астана» футбол клубы қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында беларусьтік жартылай қорғаушы Макс Эбонгтың трансферінен табыс табуды ұйғарды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жағдаймен таныс дереккөздің мәліметінше, софиялық ЦСКА футболшының трансфері үшін 500 мың доллар (257 млн теңгеден астам) төлейді.

«Астана» футболшылары мен бапкерлері биылғы жылдың қыркүйек айынан бері жалақы алмай жүр. Сондай-ақ клубтың команда алдында сыйақылар бойынша да берешегі бар.

Эбонг «Астана» сапына 2020 жылы қосылған болатын. Ол ҚПЛ-да 125 матч өткізіп, 10 гол соқты және 21 нәтижелі пас берді. Болгариялық ЦСКА-мен келісімшарт үш жылға жасалған.


Руслан Эсатов - «Тараздың» бас бапкері болып тағайындалды

ҚПЛ клубы бірінші ОЖЖ аяқтады

«Ұлытау» екі ойыншымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или