Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова депутат атанбақ

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова депутат атанбақ

Лондондағы Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова алдағы уақытта өзін депутаттық қызметте сынап көрмек.

Аstanatv.kz сайтының мәлімдекінше, саяси науқанға түсетін депутаттар құрамы да анық болды. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы мәслихатына 43 мандат, қалалыққа - 73, ал  аудандық мәслихатқа 205 депутат сайлануы тиіс. Халық қалаулысы болғысы келетін үміткерлер арасында олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да бар.

Олимпиада жүлдегері Ольга Рыпакова үшін басты жарыс - Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындары. Спорт саңлағы байрақты бәсекеге барын салып дайындалып жатыр. Ал облыстық мәслихатқа үміткер ретінде ұсынылғанын естігенде, сәл қобалжығанын жасырмайды. «Әріптестерімнің де пікірі әртүрлі болды», - дейді Олимпиада чемпионы.

«Біреулер "депутаттықтың не керегі бар, сен спорт адамы емессің бе, саясаттан не түсінесің?" деді. Ал кейбіреулері, маған сенім артып, "келешегің үшін жақсы қадам жасап жатырсың" дегенді айтты, - дейді Ольга Рыпакова.

Шығыс Қазақстанда Олимпиада чемпионы қоғамның белсенді мүшесі ретінде танымал. Ол еңбек ұжымдары мен жас буын өкілдерімен жиі кездесулер өткізіп тұрады. Тіпті, Ольга - өзінің табандылығы мен төзімділігінің арқасында Өскемендегі жеңіл атлетика манежінің құрылысын алғашқы сәттен бақылауға алғандардың бірі. "Дәл осындай, белсенді, ойлы жастар облыстық мәслихаттың құрамында болу қажет", - дейді бірнеше шақырылымның депутаты  Майраш Екібасова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или