Геннадий Головкинге жаңа қарсылас тағайындалды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (34-0) америкалық Доминик Уэйдпен (18-0) жұдырықтасуды міндеттеді.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, екі тарап келіссөз жүргізуде. Демек бұл GGG-нің 23 сәуірде аты мәшһүр қарсыласпен біріктірілген кездесуі болмайды дегенді білдіреді. Бұдан бұрын Головкиннің қарсыласы Туреано Джонсон болады деген. Алайда багамдық алған жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Уэйдтің промоутері Premier Boxing Champions басшысы Эл Хэймон болып табылады, ал Головкиннің жекпе-жегін көрсететін НВО телеарнасы Хэймонмен бірнеше жылдан бері жұмыс істемейтіні белгілі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или