ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы бір сатыға жоғарылады
Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) 2025 жылдың соңғы рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан ұлттық құрамасы бір сатыға көтеріліп, қазіргі таңда ФИФА рейтингінде 114-орында тұр.
Қараша айында Талғат Байсуфинов баптайтын құрама екі матч өткізді. 15 қарашада 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің соңғы турында қазақстандықтар топ көшбасшысы Бельгия құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнады. Үш күннен кейін, 18 қарашада, ұлттық құрама Фарер аралдары командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
2025 жылғы 22 желтоқсандағы ФИФА рейтингі:
- 1 (1). Испания — 1877.18
- 2 (2). Аргентина — 1873.33
- 3 (3). Франция — 1870
- 4 (4). Англия — 1834.12
- 5 (6). Бразилия — 1760.46
- 6 (5). Португалия — 1760.38
- 7 (7). Нидерланд — 1756.27
- 8 (8). Бельгия — 1730.71
- 9 (10). Германия — 1724.15
- 10 (11). Хорватия — 1716.88
- …
- 32 (32). Уэльс — 1529.71
- 66 (65). Солтүстік Македония — 1378.57
- 113 (113). Кения — 1179.54
- 114 (115). Қазақстан — 1173
- 115 (114). Мавритания — 1171.35
- 205 (205). Лихтенштейн — 799.8
- 210. Сан-Марино — 726.03.
Асхат Тағыберген мансабын қайда жалғастыратынын анықтады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или