Әлем кубогының 15 шақырым қашықтық жарысында Алексей Полторанин 9 орын алды

Чехияның Нове-Место-на-Мораве қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында ерлер арасынан 15 шақырым қашықтыққа шаңғымен жарысуда спортшымыз Алексей Полторанин тоғызыншы болып келді.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, француз шаңғышысы Морис Манифика жарыста жеңімпаз атанды, норвег спортшысы Мартин Йонсруд Сундбю екінші орында, үшінші орынды ресейлік Сергей Устюгов еншіледі.

Қазақстандық Алексей Полторанин тоғызыншы болып мәре сызығын кесіп өтсе, қазақстандық басқа шаңғышылар Сергей Малышев 52-ші, Евгений Величко - 53-ші, Ринат Мухин - 66-шы орындарды қанағат тұтты.

Шаңғы жарысы. Әлем кубогы. Тоғызыншы кезең. Нове-Место-на-Мораве (Чехия)

Ерлер. Жеке жарыс. Еркін стиль. 15 км.

1. Морис Манифика (Франция) - 34:04.9

2. Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) - +10.8

3. Сергей Устюгов (Ресей) - +13.0

9. Алексей Полторанин (Қазақстан) - +48.8

52. Сергей Малышев (Қазақстан) - +2:54.3

53. Евгений Величко (Қазақстан) - +2:57.4

66. Ринат Мухин (Қазақстан) - +3:40.9.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или