Қайрат Ахметов ММА-дaн 2016 жылдың басты үміттерінің қатарына енді

One FC чемпиондық атағының иегері қазақстандық спортшы Қайрат Ахметов ММА-ден 2016 жылдың басты үміттерінің қатарына енді.

Бұл туралы 24.kz жазады. Ең жеңіл салмақта өнер көрсететін жерлесімізді бұл тізімге Чемпионат порталы қосып отыр.

«Өз отанында Қайрат танымал спортшылардың қатарында. Өзінің 22-жеңісінен соң ол One нұсқасы бойынша белбеуге таласып, бразилиялық Адриан Мораештен жеңісті тартып алды. Енді Қайраттың UFC-ге өтуге толық мүмкіндігі бар. Қазір бұл ұсыныс спортшы мен оның командасының талқысына түскен», - деп жазады басылым.

Қайраттан бөлек аталған тізімге Сергей Павлович (ауыр салмақ), Джонатан Уилсон (жартылай ауыр салмақ), Анатолий Токов (орта салмақ), Варли Алвес (жартылай орта салмақ), Сейдж Норткат (жеңіл салмақ), Мирсад Бектич (жартылай жеңіл салмақ) және Дэрион Колдуэлл (ең жеңіл салмақ) бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или