Ә.Әбдуәлиев: «Универсиада нысандарының есігі отандастарымызға ашық болады»

Ә.Әбдуәлиев: «Универсиада нысандарының есігі отандастарымызға ашық болады»

2017 жылы өтетін Қысқы Универсиадаға дайындықтар аясында 3 жаңа спорт нысаны бой көтеріп, жұмыс істеп тұрған спорт кешендерінде жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Бұл жөнінде Қысқы Универсиада-2017 ұйымдастыру дирекциясының жетекшісі Әсет Әбдуәлиев онлайн-конференция барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Халық арасында дайындыққа жұмсалып жатқан қаржы төңірегінде түсініспеушіліктер туындап отыр. Қаржыны әлеуметтік салаға бөлу пайдалырақ дейтіндер де бар. Бірақ, Универсиада ең алдымен әлеуметтік жоба екенін ұмытпау керек. Құрылыс жұмыстарын қазақстандық компаниялар жүзеге асырып жатыр. 50 мыңнан астам адам Универсиада нысандарын салу кезінде жұмыспен қамтылды. Кем дегенде 150-200 мың адам аталған жоба арқылы табыс тауып отыр. Бұл жақсы нәтиже», - дейді Ә.Әбдуәлиев.

Спикердің айтуынша, әкімдік Универсиада нысандары халық игілігіне жұмыс істеуі үшін қажетті жұмыстарды қолға алды.

«Тағы бір айта кететін жағдай, Универсиада нысандары ең алдымен қала қонақтары мен тұрғындардың игілігіне жарайды. Яғни, мұнда балалар мен жасөспірімдерге, ересектерге арналған спорт секциялары ашылады. 3 мың және 12 мың адамға арналған мұз айдындары және 5 мың адамды қамтитын атлетикалық ауыл бой көтереді», - дейді Ә.Әбдуәлиев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или