Гузель Манюрова Әзірбайжан кубогын жеңіп алды

Гузель Манюрова Әзірбайжан кубогын жеңіп алды

Күрестен Қазақстан әйелдер құрамасының жетекші спортшысы Гузель Манюрова Әзірбайжан кубогын жеңіп алды. Финалда жерлесіміз венгриялық Жанет Нэметті ұтты.

«Говсан» спорт кешенінде күрестен әйелдер арасында Әзірбайжан кубогы сарапқа салынды. Аzerisport.com сайтына сүйенсек, жарысқа Украина, Қазақстан мен Венгрия елдерінің спортшылары қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңіске жетті: Шафаг Мурадзаде (48 келі), Лейла Гурбанова (53 келі), Алмаз Исмайлова (55 келі), Юлия Раткевич (58 келі), Ирина Нетреба (60 келі), Гезаль Зутова (69 келі – барлығы Әзірбайжан), Юлия Ткач (63 келі, Украина), Гузель Манюрова (75 келі, Қазақстан).

Естеріңізге сала кетсек, Манюрова Таразда өтетін Қазақстан чемпионатына қатыспай, Әзірбайжандағы жарысқа аттанған болатын. Айта кетер жайт, әзірге күрестен Қазақстан әйелдер құрамасында РИО-дағы Олимпиада ойындарына бірде-бір жолдама жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или