Бокстан Қазақстан чемпионатының алғашқы күнінде Олимпиада жүлдегері жеңіліс тапты
Бүгін Семей қаласында бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде сенсация тіркелді. Әйелдер арасындағы 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде елорда атынан сынға түскен тәжірибелі боксшы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова алғашқы жекпе-жегін өткізді. Оның қарсыласы Жамбыл облысының өкілі Назерке Серік болды.
Кездесу тартысты өтті. Екі спортшы да жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Алайда төрешілер шешімімен жеңіс Назерке Серікке (5:0) берілді.
Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или