ЧЛ: «Қайрат» өз алаңында «Реал Мадрид» командасынан ұтылды

ЧЛ: «Қайрат» өз алаңында «Реал Мадрид» командасынан ұтылды

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші туры аясында «Қайрат» - «Реал Мадрид» матчы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz

Франция құрамасында 2018 жылы әлем чемпионы атанған Килиан Мбеппе хет-трик авторы атанып, матч тағдырын шешіп кетті. 83-ші минутта алаңға тыңнан қосылған Эдуарду Камавинга қонақтардың төртінші голын соқты. Төреші қосқан қосымша уақытта Браим Диас қорытынды есепті тіркеді - 0:5!

Чемпиондар лигасы. Жалпы кезең. Екінші тур

«Қайрат» - «Реал Мадрид» - 0:5(0:1)

Гол соққандар: Мбаппе 25(пен), 52, 73, Камавинга 83, Диас 90+2

Айта кетейік, «Қайраттың» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі қарсыластары: «Спортинг», «Реал», «Арсенал», «Интер», «Копенгаген», «Брюгге», «Олимпиакос», «Пафос».

Алғашқы ойында қазақстандық команда «Спортингтен» 4:1 есебімен жеңілді, «Реал Мадрид» бірінші ойынында «Марсельмен» кездесіп 2:1 есебімен жеңді.


«Реал Мадрид» командасының мүшелері «Қайратқа» қатысты пікір білдірді

«Барселона» клубы өткен ғасырдағы рекордты қайталады

ФИФА пенальти соққыларын реттейтін ережелерге өзгерістер енгізуді көздеп отыр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или