Александр Бублик мансабындағы ең жоғары көрсеткішке жетті

Александр Бублик мансабындағы ең жоғары көрсеткішке жетті

Теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик мансабындағы тарихи межеге жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңа тізім бойынша Бублик 16-орынға көтерілді. Бұл – оның карьерасындағы ең жоғары нәтиже. Бұған дейін ол 17-орыннан жоғары көтерілмеген еді.

Мұндай серпіліске Бубликтің Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP-250 турнирінде чемпион атануы себеп болды.

Әлемдік рейтингтің үздік үштігінде өзгеріс жоқ: көшті испандық Карлос Алькарас бастап тұр, екінші орында – италиялық Янник Синнер, үшінші орында – неміс Александр Зверев.

Қазақстандық теннисші Азия чемпионатында үшінші орынға ие болды

Бублик әлемдік рейтингте рекордтық орынға көтерілді

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде топ жарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или