Әлемнің бірінші ракеткасы Таунсенд Қытайдағы жарыстарға қатыспайды

Әлемнің бірінші ракеткасы Таунсенд Қытайдағы жарыстарға қатыспайды

Жұптық сында әлемнің бірінші ракеткасы саналатын америкалық теннисші Тэйлор Таунсенд Қытайдағы турнирлерге, соның ішінде Бейжің мен Ухандағы «мыңдық» додаларға қатыспайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшының жарыстарға шықпауына сирақтағы жарақат себеп болды.

Бұған дейін Таунсенд әлеуметтік желіде Шэньчжэньде өткен Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде теннисшілерге ұсынылған асты сынға алған еді. Кейін ол бұл сөзі үшін кешірім сұрағанымен, желі қолданушылары тарапынан ксенофобияға айыпталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или