Фредерико Феррейра Силва бір айға дисквалификация алды
Әлемдік рейтингте 234-орында тұрған португалиялық теннисші Фредерико Феррейра Силва допинг ережесін бұзғаны үшін бір айға жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Халықаралық теннистегі адалдықты қамтамасыз ету агенттігі (ITIA) мәлімдеді.
Силва ақпанда тыйым салынған триметазидин препаратына оң нәтиже көрсеткен. Дегенмен теннисші дәріні спорттық медицина маманы жазып бергенін және ұлттық федерация арқылы алынғанын дәлелдеген. Сондықтан оның кінәсі өте төмен деп танылды.
Наурызда уақытша шеттетілген спортшыға қыркүйекте бір айлық дисквалификация ұсынылды. Алайда ол теннистен бұл мерзімнен ұзақ уақыт тыс қалғандықтан, қазірдің өзінде турнирлерге қатысуға рұқсат алды.
Қазақстандық теннисші Азия чемпионатында үшінші орынға ие болды