Атырауда ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир басталды

Мұнайлы өлкеде «Атырау – Алаш айбыны» атты ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир басталды.

Спорттық дода алдында қатысушылар салмақ өлшеп, бір-бірімен танысты. Мұндай дүбірлі дода облыс аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа елімізге танымал «Алаш Прайд» спорттық клубы мұрындық болғанын ескерген жөн. Халықаралық жекпе-жекке 7 мемлекеттен 26 кәсіби спортшы қатысуға ниетті. Олардың арасында қыздар да бар.

Дәурен Үшбаев, Джиу-джитсудан Атырау облыстық федерациясының президенті:

- Біз спортшылардың деңгейімен қатар, жанкүйерлер мен көрермендерді қызықтыра алатындай тартымды шоу ұйымдастыруға тырысып жатырмыз. Әсіресе жастардың назарын салауатты өмір салтын ұстануға аударып, спортқа ден қоюға үгіттеу – басты мақсаттарымыздың бірі. Осы турнирде отандастарымыз жоғары сатыдан көрініп, Қазақ елінің көк байрағын желбіретеді деген үміттемін.

24.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или