Виктория Кайсаринова жол апатынан қаза тапты

Виктория Кайсаринова жол апатынан қаза тапты

«Жеңіс» футбол құрамасының 19 жастағы ойыншысы Виктория Кайсаринова Астана – Павлодар тас жолында болған жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамаған. Соның салдарынан жүк көлігімен соқтығысу орын алған.

«Бұл жағдайға әлі де сену қиын. Бұл біздің бүкіл клуб үшін ауыр және орны толмас қаза. Виктория жарқын ойыншы және нағыз дос болды. Біз оның отбасымен, туыстарымен және жақындарымен бірге қайғырамыз. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», – деп жазды құраманың баспасөз қызметі.

Анықталғандай, Виктория биылғы маусымда 17 ойынға қатысып, соның 14-інде негізгі құрамда алаңға шыққан.

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Арабия клубына ауысты

19 жастағы қазақстандық футболшы жол апатынан қайтыс болды

«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчына билет сатылымы аяқталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или