Қазақстандық боксшы UFC Fight Pass бокс кешінде өнер көрсетеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін UFC Fight Pass ұйымдастыратын бокс кешінде өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл турнир 21 қараша күні Калифорния штатының Лонг-Бич қаласында өтеді.
Жеңіліп көрмеген 26 жастағы боксшының қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ.
Еске салайық, Ахмедов кейінгі рет биыл сәуір айында рингке шыққан болатын. Ол кезде америкалық Коммерс қаласында өткен турнирде мексикалық Элиас Эспадаспен кездесіп, жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды. Қазір қазақстандық боксшының қоржынында 15 жеңіс (13-і нокаутпен) және бір тең есеп бар.
«Жүрегі бос па?»: Төрехан Сабырхан көпшілікті алаңдатқан сауалға жауап берді
Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или