Максим Самородов Станислав Черчесов жайлы пікірін айтты
«Ахмат» шабуылшысы Максим Самородов команданың жаңа бас бапкері Станислав Черчесовпен жұмыстан алған әсерін бөлісті. Ресейлік маман бұл қызметке 2025 жылдың тамызында Александр Сторожуктың орнына келген еді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Черчесов келгеннен кейін командадағы атмосфера әлдеқайда жақсы болды. Көтеріңкі, жағымды атмосфера. Өздеріңіз де көріп жүрсіздер - Станислав Саламовичтің кезінде чемпионатта әлі жеңілген жоқпыз. Бұл көп нәрсені білдіреді», - деді Самородов.
Черчесовтің басшылығымен «Ахмат» бес матч өткізді: екі жеңіс және үш тең ойын. Команда Ресей чемпионатының турнир кестесінде 10-орында тұр.
Transfermarkt Шерхан Қалмұрзаның бағасын жаңартты
УЕФА «Қайраттың» қақпашысы туралы маңызды мәлімдеме жасады
Чемпиондар лигасы: 18 жастағы қазақ қақпашысы қандай баға алды?