Дастан Сәтпаев ислам дінін берік ұстанатынын мәлімдеді
Қазақ футболының болашағы Дастан Сәтпаев ислам дінін берік ұстанатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы жас ойыншы Nobel-ге берген сұхбатында айтып берді.
«Каспийге» қарсы ойынның 20 минутында келдім. Өйткені намаз оқыдым. Әр кезде әрқалай басталады. Сол шақта жаттығу кезінде уақыты кіріп қойған. Бірақ біз жаттығудан кейін оқыдық. Жоқ, күніне екі емес, бес рет оқимыз.
Біріншіден, бұл рухани жағынан қатты көмектеседі. Барлығы жаратушыдан екенін және маған осы көмектесетінін білемін.
Мысалы, Еуропаның бір клубы болсын мен назарға алуын дұғама қосқанмын. Нәтижесінде тілегім орындалды», – деді шабуылшы.
Айта кетейік, Дастан 18 жасқа толғанда «Челсиге» ауысады.
Чемпиондар лигасы: «Селтик» - «Қайрат» кездесуінде кім төрешілік жасайды
«Қайрат» Глазгоға жетті. Енді «Селтик» күтіп тұр