Батыр Жүкембаев ақпанның аяғында кәсіби рингке оралады

Қазақстандық 24 жастағы боксшы Батыр Жүкембаев п Inboxing.kz порталына өзінің кәсіби рингтегі келесі жекпе-жегі туралы айтты.

«Қазір Канадада жаттығудамын, келесі айқасқа дайындалып жатырмын. Шамасы, ақпан айының соңына қарай рингке ораламын»,- деді ол.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, 19 қыркүйекте Монреальда (Канада) Батыр Жүкембаев кәсіби рингте бағын сынаған еді. Оның мексикалық Ноэл Ринконмен жекпе-жегі екінші раундта тоқтатылып, айқас өткізілген жоқ деп мойындалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или