Голубев Хэппи-Вэллидегі жарыстың жұптық сынында топ жарды

Голубев Хэппи-Вэллидегі жарыстың жұптық сынында топ жарды

Аустралиялық Хэппи-Вэллиде өтіп жатқан City of Onkaparinga ATP Challenger турнирінің жұптық сынында қазақстандық теннисшілер бір-біріне қарсылас атанды.

Александр Недовесов пен украиналық Денис Молчанов жұбы Андрей Голубев пен италиялық Маттео Донати дуэтімен кездесті. Кездесу чемпиондық тай-брейкте анықталып, Голубев пен Донати жеңіске жетті – 3:6, 7:6 (7:5), 10:1.

Айта кетейік, қазақстандықтар Хэппи-Вэллидегі турнирдің жұптық сынында екінші рет жеңімпаз атанып отыр. Бір жыл бұрын ресейлік Андрей Кузнецов пен Недовесов топ жарған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или